Атқару құжатын орындамаған жауапқа тартылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ҚР ӘҚБтК) 669 бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.

Осылайша, Қарағанды облысы Нұра ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің полиция учаскелік инспекторының қаулысымен аз. Т. ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 3 бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 22 690 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған болатын. Бірақ, ол бірнеше рет ескертілуіне қарамастан ұзақ уақыт бойы айыппұлды ерікті түрде төлеуден бас тартып жүрді.

Соттың қаулысымен аз. Т. әкімшілік құқық бұзкшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жауапқа тартылған.

Нұра аудандық соты азаматтар үшін келесі ақпаратты мәліметке салады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 669 бабына сәйкес, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамаған үшін келесідей әкмішілік жауапкершілік қарастырылады - жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз - қызметі