Атқарушы жазба бұйрықтық өндірістің баламасы ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық соты «Атқарушы жазба бұйрықтық өндірістің  баламасы ретінде»  атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс- шараға Шахтинск аймағы бойынша нотариустар, Шахтинск қаласының прокуратура, қорғаушылар, жергілікті атқарушы органның өкілдері, «Шахтинскводоканал» ЖШС, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және заңды қызметтер жүзеге асыратын басқа да тұлғалар қатысты.

Сот төрағасы Д.А. Дәуітовтың алғы сөзінен кейін, судья – модератор Д.Н. Мақсұтов сөз сөйледі.

Судья модератор Д.Н. Мақсұтов атқарушы жазба заңды талаптардың барынша қысқа мерзімде іске асырылуына мүмкіндік беретін ең тиімді  тетіктердің бірі екенін атап өтті.

Атқарушылық жазбалардың орындалуы кредиторлардың құқықтарын тез іске асыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде борышкерлерді тәртіпке келтіреді.

Бұл процедуралар соттарға жүктемені азайтады, құжаттарды қарау процесін мүмкіндігінше жеңілдетеді, қарастыру уақытын қысқартады, ал тұтастай алғанда кредиторлар үшін қарыздарды жинау мерзімдерін қысқартады.

Қортындысында қатысушылар нотариустардың атқарушы жазуларын еңгізуді тәжірибеде жүзеге асыруды талқылап, пікір алмасты.

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі