Ауқымды еңбектің жемісі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының соттары өзінің қызметін ашықтық, жариялылық, қол жетімділік және қоғаммен өзара пікір алмасу принциптерінде құрайды. Атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізілетін баспасөз мәслихаттары осының айғағы. Мәселен, үстіміздегі жылдың 14-қаңтарында Қарқаралы аудандық соты 2013 жылдың 12 айында  атқарған жұмыс қорытындылары жөнінде өткен баспасөз мәслихатында қаралған істердің көрсеткіштері бойынша шолу жасап, оның ішіндегі елеулі іс-шараларға, қол жеткізген жетістіктер жайлы БАҚ-на жан-жақты ақпарат берді. Жыл қорытындылары бойынша 2013 жылдың 12 айында екі құрамды  Қарқаралы аудандық сотымен 66 қылмыстық, 536 азаматтық, 871 әкімшілік істер, 342 материал қаралған. Орташа есеппен бір судьяның жүктемесі 76 іс болса, сот төрағасымен бір айда орташа есеппен 98 іс қаралды. Сондай-ақ,  «Сот ғимаратының ең үздік санитарлық жағдайы» сайысында Қарағанды облысының аз құрамды соттары арасында Қарқаралы  аудандық соты 1-орынға ие болды.  Аудандық сот жұмысын халыққа кеңінен насихатталуын  қамтамасыз етіп отырған  соттың баспасөз қызметі облыстың аз құрамды соттар арасында соңғы үш жыл бойы 1-орынды  иеленіп келсе, веб-сайтының жұмысы облыстың барлық соттарының рейтингі бойынша биыл алдыңғы қатарға шықты. 
     Қазақстан Республикасы судьяларының VI Съезінде, сонымен қатар, «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сот корпусы алдында Елбасының қойған тапсырмаларын  басшылыққа ала отырып, Қарқаралы аудандық соты ағымдағы жылда да сот төрелігін асыруда ауқымды еңбек етуге әрдайым дайын.  

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы