Айыпақының және шығынды өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында М-ның «Б» ЖШС -не сатып алу сату шартын бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтарып алу,  айыппұл және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер 03.11.2016 жылы ғаламтор арқылы «Б» ЖШС -нен 3 айға бөліп төлеуге, 253 706 тенге көлемінде перифериялық құрылғыларымен компьютер сатып алғанын айтты. Көп ұзамай компьютерге бірмезгілде сымсыз құрылғыларды-оның ішінде клавиатура, тінтуір, «билайн» модемі және Flash-картыны қосқан кезде компьютер баяу жұмыс істей бастайтындығын, тінтуірді қозғалтқан кезде, пернетақтамен жұмыс істеген кезде меңзердің кешіктірілетінін,Flash-Картаны оқымайтынын кемшіліктері пайда болғанын көрсетті.

Бірақ, сот талқылауы кезінде, сот компьютер жүйелі түрде жұмыс істейтіндігін, өндірістік ақау табылмағанын, талапкер перифериялық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде өндірушінің ұсынымдардын сақтамағанын анықтады.

Осыған байланысты, сот талапкер В-ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қазыбекбий ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі