Азаматтық дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық соты талап қоюшы А.-ның жауапкер А.Р.-ден тұрғын үйдің  бір бөлігін бөліп беру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында, тараптар дауды өзара реттей отырып, азаматтық істі медиация тәртібімен шешу қорытындысына келді, яғни жауапкер белгілі бір уақытқа дейін дүние мүлікті талапкердің атына аударып беруге міндеттеме алып, талапкер сотқа берген талап арызынан бас тартты.

Азаматтық істі қараған судья, тараптардың дауды реттеу туралы медиациялық келісімін бекітіп, іс жүргізу қысқартылды. Сонымен қатар мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді. Азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі