Б. Т. Абдишевке қатысты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307 бабы 4 бөлігінде көзделген ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін сезікті Б.Т.Абдишевке қатысты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы материалы бойынша брифинг өткізілді. 

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылдың 12 қантарындағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307 бабы 4 бөлігінде көзделген ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін сезікті Б.Т.Абдишевке қатысты қамауға алу мерзімі 5 айға ұзартылды, яғни 2015 жылдың 23 ақпан айынв дейін, өйткені іс бойынша сараптама қорытындылары дайын емес, оның қорытындысы бойынша  куәгерлерден, сезіктіден қосымша жауап алу керек, беттестіру өткізу қажет, қылмыстық іс тергеуін аяқтау үшін басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу қажет.

Қаулы заңдық  күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы