Балқаш қалалық соты мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотына Балқаш қаласының тұрғынынан қала әкіміне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талапкердің арызы түсті.
Атасы қайтыс болған соң пәтер түріндегі мұра ашылған, жеке нотариуспен куәландырған өсиет бойынша талапкер мұрагер болып табылады.
Алайда мұраны қабылдау мерзімінің алты айлық уақытын өткізіп алғандықтан нотариус мұраға құқық куәлігін беруден бас тартқан. 
Істі қарау барысында мұрагердің заңды себептер бойынша мұрагерлікті қабылдау мерзімін өткізіп алғаны анықталды.

Сот шешімімен мұраны қабылдау мерзіміқалпына келтірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі