Балқаш қалалық сотында несие есебін жүргізгені үшін төленген комиссияны қайтару туралы талабы қанағаттандырылды (Кішкентай адамдардың үлкен жеңістері)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық соты азамат О.-ның «Казкоммерцбанк» АҚ-дан несие есебін жүргізгені үшін төленген комиссияны қайтару туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер өзінің талабын 2006 жылыкредитті ресімдеп, 15 600 000 теңге сома қарызды 120 ай мерзімге 2016 жылға дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-ның кредиттік келісім-шарты негізінде алғаныменнегіздеді.Кредиттік келісім-шарт жасаған кезде «Несие есебін жүргізгені үшін 0,1%комиссия төлеу» (НЕЖК/КВСС) тармағы көрсетілген, яғни берілген сомадан құраған15 600 теңгені, азамат О. ай сайын төлеп, аталған кредитті толығымен өтеген.

Алайда, Банксебебін түсіндірместен 2015 жылдың 1 маусымынан бастап несие есебін жүргізгені үшін ай сайынғы комиссия төлемін алуын тоқтатты.

Кейіннен Банктің несие есебін жүргізгені үшін ай сайынғы комиссия төлемін алуы заңсыз болып, аталған төлем 1 435 200 теңге құрағанын анық болған. Азамат О. «Казкоммерцбанк» АҚ-ға аталған кредит бойынша қайта есептеп, 1 435 200 теңге мөлшеріндегі соманы қайтаруын сұрап, оларға сотқа дейін 09.01.2017 жылы қойылған талабына 13.01.2017 жылғы жауабымен Банк бас тартқан. Сол себептен азамат О. Соттан аталған соманы өзінің пайдасына қайтаруды сұраған.

Сот шешімімен қойылған талап қанағаттандырылған. Жауапкер «Казкоммерцбанк» АҚ-нан азамат О.-ның пайдасына кредиттік шарт бойынша несие есебін жүргізгені үшін 1 435 200 тенге сомада төленген комиссияжәне 14 352 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі