Балқаш қалалық сотында «Пробация қызметінің ұсыныстарын қарау барысында туындаған мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында «Пробация қызметінің ұсыныстарын қарау барысында туындаған мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға Балқаш қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Х.Жандильдина, Балқаш қалалық прокуратурасының аға прокуроры М.А.Абдуллин және Балқаш қаласы пробация қызметінің бастығы Е.Т.Бейсембаев қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация мәселесі, шартты түрде сотталған адамдарға сынақ мерзімі кезеңінде тәртібін бақылау және пробациялық бақылау белгіленгенде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметімен жүзеге асырылатын шаралары, пробация қызметінің ұсыныстарды беру және рәсімдеу тәртібі талқыланды.

Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша үкiмдерді орындауға байланысты, пробация қызметінің ұсыныстарын қарау барысында туындаған мәселелер талқыланды.

«Дөңгелек үстелдің» аяқталуы барысында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі