«Барс» МКҚК басшысы объекінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сотпен айыпты деп табылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 149 бабының 1 бөлігімен (террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзіне сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғауын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

«Барс» МКҚК-ын террористік тұрғыдан объектінің терроризмге қарсы қорғауын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтауды тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталған.

Аталған факт бойынша «Барс» МКҚК басшысы азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Сотпен азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылыққа айыпты деп табылып, 100 АЕК-ке айыппұл салынып, аталған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартып, 158830 теңге құрады.

Қаулы күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі