Баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігін асыруда жорамалға жол бермейтін, шешім қабылдаудың нақты механизмі бар ашық сот келбетін құру өте маңызды. Сондықтан біз үшін баспасөзбен сындарлы қарым-қатынас орнатудың мәні зор. Соттар мен БАҚ арасындағы қатынасты орнатуда баспасөз хатшыларының ролі ерекше.  Журналистер мен соттар арасындағы өзара байланыс басылым беттерінде тек сот қызметін насихаттауға бағытталған ақпарат алумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін ынтымақтастықтың көпқырлы формасын қалыптастырады. Осыған байланысты, баспасөз орталығының жоспарына сәйкес, Қарағанды облыстық сотында жыл сайын үйлестірушілер мен баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 27-ақпанында облыстық сот төрағасы Е.Серекбаевтың, БАҚ және қоғаммен өзара жұмысты үйлестіруші Р.Серғазинаның және баспасөз орталығының қызметкерлерінің қатысуымен облыс соттарының БАҚ-мен өзара қарым-қатынасты үйлестірушілер мен баспасөз хатшыларына арналған «БАҚ-ның өкілдерімен өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері» тақырыбында кезекті семинар-тренинг өткізілді. Семинарға журналист, медиа-сарапшы О. Краус арнайы шақыртылған болатын. Семинар барысында бұқаралық ақапарат құралдары өкілдерімен өзара қарым-қатынастың көкейкесті мәселелері талқыланды, қатысушалар өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға сәйкес сертификаттар мен  баспасөз орталығы құрастырып шығарған арналған оқу құралы мен жадынамалар табыс етілді. Шараның қорытындысы бойынша арнайы баяндамалар жинағы шығарылды.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы