Байқау қорытындысы белгілі болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан судьяларының V1  съезінде: барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғарғы тұрғаны сот органы болып табылады. Сот билігінің абыройы –Қазақстаннның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Сапалы сот төрелігін жүргізу, оларға тиісті жағдайлар жасаумен тікелей байланысты. Ол үшін соттардың типтік ғимараттарын салу, әкімшілік сот ғимараттарына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы мақсатта, үстіміздегі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарағанды облыстық соты және Теміртау, Сәтпаев қалалық, сондай-ақ Ақтоғай аудандық соттары үшін типтік жобаларды жер учаскесіне орналастыру жұмыстары басталды.

Аталмыш соттардың жаңа ғимараттарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша өткізілген байқаудың нәтижесінде «Нұр-Дулат» ЖСШ жеңімпаз деп танылды. 

Облыстық соттың ғимаратын салуға  арналған жобалық-сметалық құжатқа республика бюджетінен 32 034 791 теңге,  Ақтоғай аудандық соты үшін 3 655 232 теңге, Сәтпаев қалалық соты үшін 4 910 714 теңге бөлінген.

Теміртау қалалық соты мен Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимараттарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша «Строй-Аст» ЖШС жеңімпаз атанды. ЖСҚ үшін 7 035 000 теңге бөлінді.

Әрі қарай жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, жоғарыда көрсетілген ғимараттардың құрылысына арналған тендер өткізілмекші.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы