Біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шет аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 188 бабы 2 бөлімі 1 тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа берілген азаматтар К. және М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс бойынша анықталғандай, сотталушылар екеуі алдын ала сөз байласып келісіп, шөп таситын тіркеменің құны 88 874 теңге соманы құрайтын екі гидроцилиндрлерін жасырын түрде ұрлап, оны 10 000 теңгеге сатқан.
Сотталушылар өз қылмыстарын толық мойындап, жасаған қылмыстық әрекеттеріне жәбірленушіден кешірім сұрады.
Жәбірленуші өз кезегінде сотталушылармен татуласуды қаламай, ауылда ұрлықтардың көзін жою үшін соттан тиісті түрде заңмен жазалауды сұрады.
Сот үкімімен К.мен М. айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, пробациялық бақылау орнатумен 2 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі