Іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасындағы дау бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

Сот барысында, тараптар арасында жер қойнауын иелену мақсатымен тауарды жеткізу туралы келісім-шарт жасалған. Жауапкермен шарттық міндеттемелер бұзылып, 18 873 035 теңге мөлшерінде берешек пайда болған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуге сотқа өтініш берді.

Сотпен азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітіліп, сот өндірісі тоқтатылды, талап қоюшыға мемлекеттік баждың сомасы қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі