«Бізде неге ажырасу көп?»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF
Қарқаралы аудандық сотында «Бізде неге ажырасу көп?» тақырыбына арналған дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сотының төрағасының м.а Мұхамбеткалиева М. М., Қарқаралы аудандық ІІБ-нің өкілдері Жунусова С. Қ., АХАТ бөлімінің бас маманы Б.Қаңтарбаева, ауданыңың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ильдебаев Б, Қарқаралы аудандық аурухананың өкілі Садакбаева М. Д.,аудандық заң консультациясының меңгерушісі Омарова Г. З., «Қарқаралы» газетінің тілшісі Б.Д.Мұқашева қатысты.
Сот төрағасының м.а. Мұхамбеткалиева М. М. іс шараны ашып, 2013 жылдан бастап қыркүйек  айының ақырғы жексенбісінде Қазақстанда отбасы күні өткізілітінін айтып, статистикалық деректерге тоқталды: «Қазіргі күні Қазақстандағы түйткілді мәселелердің бірі ажырасу болып отыр. Статистика деректері бойынша, Қазақстандағы әр үшінші отбасы бұзылуға бейім тұр. БАҚ-тағы дерекке сүйенсек, әлем бойынша Қазақстан ажырасу жағынан алғашқы ондыққа кіреді екен. Кей мәліметтерге зер салсақ, негізінен ажырасушылардың жасы 18 бен 35 аралығындағы жастарды құрайды екен. Ажырасудың себептері, мысалы, әйелдің өзін еркекпен тең ұстауы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, бір-бірінің туысын сыйламауы, арада бала болмауы»-деп көрсетті өз баяндамасында. Сондай-ақ, аудандық сотта ажырасуға қатысты қаралып жатқан істер бойынша мәліметтерге тоқтап өтті.
Қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша пікірлерін білдіре отырып, отбасылық құндылық деген не? ажырасудың түп-тамыры қайда жатыр? қазіргі жастар отбасын сақтап қалуға неге ұмтылмайды? деген сұрақтар бойынша пікірлерін ортаға салынды.
Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар