Бұқар жырау аудандық соты "Электрондық сенімхат" тақырыбында брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Бұқар-жырау аудандық соты ғимаратында кеңсе меңгерушісі А.Б.Кылышев аудандық «Бұқар Жырау жаршысы» БАҚ өкілі Н.Абекеваның қатысумен «Электрондық сенімхат» тақырыбында брифинг өткізді.

Іс-шара барысында А.Б.Кылышев электрондық сервисті жетілдіру барысында «Сот кабинеті» шеңберінде «Электрондық сенімхат» қызметі іске қосылғанын айтып және де осы сервисті пайдаланушыларға сотқа электрондық сенімхат беруге мүмкіндіктері бар, бұл ретте нотариусқа жүгінуге еш қажеті жоқ. Атап өтілгендей, мұндай сенімхат бір істі қарау шеңберінде беріледі. Сенімхаттың қолдану мерзімі шектелген, яғни сот актісі заң күшіне еніп, оны орындауға жібергенге дейінгі уақытқа беріледі.

Сондай-ақ, «Сенімхаттың қолдануын тоқтату» туралы қызметіде көрсетілген.

Бұл ретте, судья автоматты түрде электрондық сенімхаттың тоқтатылуы туралы хабардар етіледі, оны қайтарып алу немесе күшін жою туралы.

Тілшінің барлық сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз-қызметі