Бұқар-Жырау аудандық сотының төрағасы Петровка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында аудандық сот төрағасы Дурдыев Рафаил Ибрагимович азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сот төрағасы қабылдауына ауылдың бірнеше адамдары әртүрлі мәселелер бойынша: пәтерлер мен үйлерге жеке меншік құқығын тану, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтармен жүгінді.

Негізгі өзекті мәселелер ертеде сатып алынған, алайда уақытылы тіркелмеген пәтерлер мен үйлеріне жеке меншік құқығын тану, жер телімдерін алу және тіркеу туралы сұрақтар болып отыр.

Рафаил Дурдыев қабылдау барысында қойылған барлық сауалдарға толық жауап беріп, сот құзырына жатпайтын сұрақтар бойынша уәкілетті мекемелерге жүгіну жөнінде кеңес берді.

Қабылдау нәтижесі бойынша ауыл тұрғындары кейде аталмыш мәселелерді шешу үшін қаражаттық жағдайлары аз болғандықтан, аудан орталығына жете алмайтындығын айтып, сапарлық қабылдауды өткізгені үшін көп алғыстарын жеткізді.

Қайнар: 
Бұқар-жырау аудандық сотының баспасөз қызметі