Бұйрықты орындамағаны үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әскери қызметкер К.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 652 бабының 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әскери қызметкер К. әскери бөлімінің басшысының рұқсатынсыз Балқаш қаласынан Қарағанды қаласына кетіп қалған, сонымен келесі күні кезекті нарядқа шықпады, яғни, әскери бөлімінің басшысының бұйрығын қасақана орындаған жоқ.
Сот қаулысымен әскери қызметкер К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылып, оны 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі