Былапыт сөйлегені үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азаматша Д-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық)  сәйкес әкімшілік іс қаралды.

Азаматша Д. қоғамдық орында мас күйінде былапыт сөйлеген.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы азаматша Д., өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін толық мойындап, өз әрекетін алкогольдік мас күйінде болғандықтан жасағанын, өкініш білдіретінін айтты.

Сот қаулысымен азаматша Д. кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде   айыппұл салынып,  30% жеңілдікпен 15 883 теңгеге қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар