Дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотпен әкелекті анықтау және алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілді.

Сот мәжілісіне дайындау барысында, тараптар медиация тәртібінде келісімін бекіту туралы қолдаухатпен сотқа жүгінді. Келісімге сәйкес жауапкер өз еркімен әкелекті мойындап, алимент төлеуге келісім білдірді. Азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Төлеген мемлекеттік баж салығы азаматтық – процессуалдық заңнамасына сәйкес талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі