Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Азаматша И. өзінің көршісімен сөзге келіспей қалғандықтан, оны ұрып, жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген, нәтижесінде оның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан.

Сотпен аз.И. кінәлі деп танылып, оған 34 035 теңге айыппұл салынды.

 

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз орталығы