Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында Сәтбаев қаласының тұрғыны А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. Сәтбаев қаласында ТҚКС мекемесінде азамат Е.ні ұрып, жеңіл дене жарақатын салып, жәбірленушіге жеңіл дене жарақаттарын келтірген, соның салдарынан денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына әкеп соққан.

Сот қаулысына сәйкес азамат А-ға 1 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы