Егіндібұлақ сотында «Құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу» туралы семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс шарада судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар модераторы - бас маман Айгүл Дюсенова іс-шара барысында сот актілері мен құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу, мемлекеттік тілде жолдама хаттарды және сот хабарларын жасау, құжаттарда грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателер болдырмау сұрақтарын қозғады.

Семинарға қатысушылар қорытынды жасады.

Қайнар: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі