Еңбек шартын бұзу туралы бұйрық сотпен заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында талапкер азамат С.-ның жауапкер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалына қатысты бұйрықты жою және жұмыс орнын қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер С.өзінің талап арызында соттан қатаң сөгіс түрінде берген тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрықты, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың күшін жоюды және жұмыс орнын қалпын келтіруді сұрады. Сонымен қатар, талапкер мамыр айынан бастап сот шешімі шыққанға дейінгі аралықта амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін орташа жалақыны өндіруді сұрады.
Істі қарау барысында сотпен  жұмыстан шығару туралы бұйрық заң  бұзушылықпен қабылданғаны анықталды.
Сондай себеппен, талап арыз жартылай қанағаттандырылды. Сотпен азамат С.-ны жұмыстан босату туралы бұйрықтың күші жойылып, амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін орташа жалақысы өндірілді.
Қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартты.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі