Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы Шет ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) Г.Г.Мананбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта істі қарау барысында, Г.Г.Мананбаев өзінің тұрғын үйінде, алкогольдік масаң күйінде жұбайын балағаттаған, сөйтіп ол өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қатынастағы азаматтың тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдіріп Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағандығы анықталды.
Сот мәжілісінде кәсіби емес медиатор Т.Р.Жумашевтың қатысуымен жәбірленуші мен құқық бұзушының арасында дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім ұсыныды.
Сот қаулысымен Г.Г.Мананбаев әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты, іс бойынша өндіріс қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Шет №2 аудандық сотының баспасөз қызметі