Есірткі затын заңсыз сақтаған үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен сотталушы К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

К. арнайы иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тәрізді затты сотталушыдан жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен алынған. Сарапшы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тәрізді зат –кептірілген марихуана есірткі заты болып танылған.

Басты сот талқылауында сотталушы К. есірткі затын пайдаланбағанын, оны ешкімге сату, тарату ойы болмағаны жөнінде айғақ беріп, тағылған айып бойынша өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, қатаң жазаламауды сұрады.

Жаза тағайындау кезiнде сот ҚК-нің 53-бабына сәйкес, сотталушының қылмыстық теріс қылықты бірінші рет жасап тұрғандығын, жасаған іс-әрекетіне шын ниетпен өкінуін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатады деп танып, ал ҚК-нің 54-бабына сәйкес, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықтаған жоқ деп таныды.

 Сот К.-ны қылмыстық әрекет жасауда кінәлі деп танып, оған 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Сотталушыға ҚР ҚК-нің 43-бабының 2-бөлігінде көзделген салдарлары, яғни қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 45-бабының ережелері ескеріле отырып, олар қамаққа алуға ауыстырылатыны түсіндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі