ІІБ-нің қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабына (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

Азамат К-ға  Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімінің қаулысына сәйкес ҚР ӘҚБК-нің 441-бабының 2- бөлігі бойынша 13 614 теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, ол 40 күн мерзім ішінде өз еркімен айыппұлды төлемей, Балқаш қаласының ІІБ-нің қаулысын орындамады.

Сот қаулысымен азамат К-ға әкімшілік жаза ретінде 3 тәулікке қамауға алу белгіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі