Интернет модульдерімен жабдықталған ұялы телефондарды қолдануға тиым салу сұрақтары бойынша полиция қызметкерлерінің Бұқар-Жырау аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен жұмыс кездесуі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотында Қарағанды облысы мамандандырылған Күзет қызметі басқармасының командирі полиция капитаны К.Т.Мукашев және Бұқар-Жырау аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің арасында, ғимарат қызметкерлерінің және сотқа келушілердің ғаламтор модулі, сурет- бейне жазба және дыбыс жазбасы бар ұялы байланыс құралдарын пайдалануға тиым салу сұрақтары бойынша кездесу өтті.
Аталған сұрақ бойынша Қарағанды облысы мамандандырылған Күзет қызметі басқармасының командирі полиция капитаны К.Т.Мукашев, осы жылдың 1- ші сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға тиым салынғандығы жайлы, тек «хабарласу/жауап/смс» функциялары  бар ұялы телефондар пайдалануға рұқсат етілгендігі туралы атап өтті, осыған байланысты сот басшылығы қандай шараларды қолға алды және жоспарлағандығы жайлы сөз қозғалды.
Бұл сұрақ бойынша Бұқар-Жырау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қазіргі уақытта барлық қызметкерлерге мекеме ішіне ғаламтор модулі, сурет- бейне жазба және дыбыс жазбасы бар ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға тиым салынғандығы және мекеме ішінде полиция жасауылынан тыс жерде орналасатын келушілерге арналған жеке жәшіктері кілтке жабылатын сақтау камерасы тапсырысқа берілгендігі жайлы түсіндірді.

 

 

 

 

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі