Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотында «Босқындар мәртебесі туралы Конвенция» атты дөңгелек үстелі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотында «Босқындар мәртебесі туралы Конвенция» атты дөңгелек үстелі өтті

Аталған шараға  судьялар мен сот мамандары және құқық қорғау органдырының қызметкерлері қатысты.

Судья Цай Олеся Юрьевна сөз басында Қазақстан Республикасы

15.12.1998 жылы  Босқындар мәртебесі туралы 28.07.1951 жылы қабылданған Конвенцияға  қосылғанын және 31.10.1967 жылы босқындар мәртебесі туралы хаттамасын атап өтті.

Баяндамашы Конвенцияның негізігі ережелерін, «босқын» сөзінің тұжырымдамасын оның ішінде  жалпы міндеттемелер, қандай да бір жол бермеу дискриминациясын атап өтті.Жеке тұлғалардың негізгі құқықтары, мүлікке қатысты құқығы, кәсіппен айналысудағы табыс, сотқа жүгіну құқығы, әлеуметтік қаматамысз ету, тұрғын үй , білім және қозғалыс еркіндігі Конвенцияның ережелерінде белгіленген. Бұл ережде бекітілген  босықындардың ұлттық қауіпсіздігі  және қоғамдық тәртібі, нәсілі бойынша  экстрадициялау, олардың азаматтығы, саяси көз қарастары, мәселелері бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, баяндамашы 04.12.2009 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы, 09.03.2010 жылы  «Босқындардың құқығын айыру, тоқтату, ұзарту ережлерін бекіту» туралы Қазақстан Республиксының Үкіметінің қаулысы жоғарыда аталған Заңды жүзеге асыру мақстатында қабылданғанын және Хаттаманың жалпы ережелері, тыңдаушылардың назыарына жеткізілді.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотсның баспасөз қызметі