Қарағанды облыстық сот төрағасының Наурыз мейрамымен құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті әріптестер! Қадірменді достар!

Санаулы күндерден кейін төңірекке шапағатын төккен Әз-Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды.

Бойына ізгілік пен жақсылықты ұялатқан Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келген, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысқан, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

Жер бетіне жақсылық нұрын шашқан осынау игі күннің қарсаңында Отанымызға береке, халқымызға игілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні алға қойған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

 

Е. Серекбаев,

Қарағанды облыстық сотының төрағасы