Қарағанды облыстық соты мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында медиацияны дамыту аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық соты атынан Қарағанды облысы сотының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков және Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан директор Тілеубек Камалиұлы Камалиев, «Медиация туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, медиация саласында тиімді ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізу, медиацияның көмегімен сотқа дейінгі тәртіппен даулы және жанжалды жағдайларды шешу үшін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғаудың жүйелі шешімдерін табу мақсатында, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою барысында облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Сейдалина Жанна Кәрімқызы, облыстық соттың судьясы Даненова Ақмарал Алшынбайқызы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Базарова Ж. Ж., Шардарбекова С.М., Бисмаков К. А., «Медиация дамыту Орталығы» АҚБ-ның кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, Қазақстан халықтарының ассамблеясының өкілі Құсайын Е. Б. және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Меморандумның мақсаты медиацияны және басқа да дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғауға арналған тараптар арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: облыс тұрғындары арасында даулы жағдайларды реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізуді қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу жөніндегі өзара іс-әрекет жасау; облыстың қала және аудандарында медиация институтын дамыту; медиация институтына тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған даулы жағдайлардың баламалы тәсілі ретіндегі жобаларды және бірлескен іс-шараларды әзірлеу; медиация саласында ақпараттармен, материалдармен алмасу; кез келген тарап ұйымдастырған медиация мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға Тараптардың өкілдерінің қатысуы.

На основе взаимного сотрудничества будут проводиться совместные мероприятии по просвещению и пропаганде медиативных процедур, способствующих развитию гражданского общества и поддержанию общественного согласия. Взаимодействие сторон будет заключаться  в проведении на постоянной основе приема граждан в кабинетах медиации профессиональными и непрофессиональными медиаторами.

Өзара ынтымақтастық негізінде азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісімді қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Өзара әрекеттестіктің мәні медиация кабинетінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен тұрақты түрде қабылдау өткізу болып табылады,

Меорандумға қол қойғылғаннан кейін облыстық соттың төрағасы Мұсабек Әлімбеков Қарағанды облысының барлық соттарында медиация институтын кеңінен енгізуді және даулы жағдайлардың баламалы тәсілі ретіндегі қолдану мақсатында медиация кабинетің ашу қажеттілігі туралы айтты.

Бұдан басқа облыс аумағындағы соттарға іс қараған кезде барлық санаттар істері бойынша медиацияның артықшылығы туралы әсіресе жеке айыптау істері бойынша түсіндіру қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі