Қарағанды облыстық сотында «Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотында «Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Модератор ретінде Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Сейдалина Жанна, модераторға тең дәрежеде облыстық сот судьясы Пак Игорь сөйледі.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде облыстық сот судьялары, талқылаудағы істер санатын қарауға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура өкілдері, «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нің өкілдері, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Құқықтық мемлекеттің маңызды мәселесі бұзылған құқықты және келтірілген зиянды неғұрлым әділ, жылдам және тиімді қалпына келтіруді қамтамасыз ету болуы қажет.

Жұмысшы өз бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіруден басқа жұмыс берушінің заңсыз әрекеттері үшін моралдық шығын өтеуді қалайды.

Жұмыскер мен жұмыс беруші арасында ұжымдық шарт жасалған жағдайда сот тәртібімен моральдық шығынды өтеу туралы мәселені қатысушылар қызу талқыға салды, оның ішінде жұмыс берушілер мен адвокаттар. Жұмыс берушілер егер жұмысшы алдын-ала ұжымдық шартқа қол қойса және онда жұмыс берушінің кінәсінен оқыс оқиғасы орын алғанда белгілі-бір моральдық шығын сомасы көрсетілген болса, сотқа жүгіну артық деп санайды. Өз кезегінде адвокаттар әр-бір адам жеке дара, сондықтан онымен не болатыны және шығын қаншаға бағаланатынын алдын-ала білу мүмкін емес деп көрсетті. Дөңгелек үстел қатысушылары моральдық шығын мөлшерін анықтау кезінде жәбірленушінің жеке ерекшеліктері есепке алынуы тиіс деп санайды. Моральдық шығын физикалық және адамгершілік қиналыстар нәтижесінде пайда болады, сондықтан әр адам оны әр түрлі сезінеді.

Моральдық шығынды өндіруге шартты мінездеме берілгендіктен заң шығарушы оның нақты мөлшерін тікелей реттеуден бас тартып, бұл сұрақты судьяның қарауына қалдырды. Сол үшін талапкерде моральдық шығынды алдын-ала белгіленген мөлшерде өндіруді талап ету субьективтік құқығы жоқ, ол тек соттан шығын мөлшерін анықтауды және жауапкерден тиісті мөлшерде өндіріп беру туралы шешім шығаруды талап ете алады.

Сондай-ақ келісім комиссиясымен жұмыста қалпына келтіру мәселесі де қызу талқыланды. Қатысушылар ҚР Еңбек Кодексінің бұл нормасы қолданылмайтынын, негізінен жұмысты қалпына келтіруді тек соттар жүзеге асыратынын, қалпына келтіру мәселесімен тек соттар ғана айналысуы қажет, келісім комиссиясы бас тартқан жағдайда, азамат бәрі-бір сотқа жүгінуге мәжбүр болады деп көрсетті.

Дөңгелек үстел қорытындысында ҚР Жоғарғы Сотының Номативтік қаулысында көрсету үшін ұжымдық шарт жасалған жағдайда моральдық шығынды өндіру бойынша, сондай-ақ келісім комиссиясын алып тастау туралы ұсыныстармен жүгіну шешілді.     

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі