Қарағанды облыстық сотында «Қылмыстық процесінің сатыларында дәлелдемелерді жинау әдістері» тақырыбына қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облыстық сотында «Қылмыстық процесінің сатыларында дәлелдемелерді жинау әдістері» тақырыбына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Іс- шарада Қарағанды облысының судьялары, прокуратура өкілдері- Асет Тубеков, Аскаров Арман,Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының тергеу бөлімінің бастығы Ерик Есенов, Қарағанды облысының ІІД бас бөлімінің бастығының орынбасары Игорь Радников қатысты.

Дөңгелек үстелді Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Рашид Нұрмағамбетов ашып, «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер» тақырыбына Октябрь аудандық сотының судьясы Маулет Жұмағуловқа баяндау үшін сөз берілді.

Қарағанды облысының Абай аудандық сотының судьясы Гульнара Миханова «Дәлелдемелерді жинау»атты тақырыпқа баяндамамен сөз сөйледі.Өзінің баяндамасында: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, осы Кодексте белгiленген өндіру сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу барысында өндірілген дәлелдемелер жинау 122-бабына сәйкес. Дәлелдемелер жинау анықтау, нығайту және жоюды қамтиды .Сот талқылауы барысында айыптау және қорғау ұсынған дәлелдемелер зерттейді»

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі