Қарағанды оьлыстық сотында судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу семинары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облыстық сотында судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу семинары өткізілді. Семина тақырыбы: «Шарттық жауапкершілік».

Бұдан бұрын сот жүйесі қызметкелері үшін оқыту-даярлық шараларын өткізу мақсатында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің тапсырмасы шеңберінде Қарағанды облыстық соты мен аймақтың жоғары оқу орындары: Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Болашақ» академиясы, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті арасында Меморандум жасалған болатын.

Меморандум аясында облыстық сот төрағасымен ағымдағы жылдың 2- ші жартыжылдығында материалдық және процессуалдық құқықты тәжірибеде қолдану бойынша оқыту сабақтарын өткізу жоспары бекітілді. Даярлық сабақтар жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындары оқытушыларымен кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Шалғайдағы сот қызметкерлері лекцияларды онлайн тәртібінде тыңдайды. Бүгінгі лекция барысында Қарағанды экономикалық университетінің оқытушысы Горбачева Елена Васильевна теорияны  тәжірибемен ұштастыра отырып, мысалдар келтіріп, талқыланған тақырып бойынша әр аймақта сот актілерінің қолданылу шеңберін талдады.

Аталған семинарларды өткізу судьялыққа болашақ кандидаттардың кәсіби дәрежесін жоғарылатуға, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар келтірілетін заңнамалардан хабардар болуға септігін тигізеді.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі