Қарағандыда Қазақстан Республикасының судьялары арасындағы финалдық жарыс өтуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Қарағандыда біздің еліміз тәуелсіздігінің 25-жылдығына ұштастырылған Қазақстан Республикасының судьялар арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Сегіз жыл қатар отандық сот жүйесінің өкілдері – Фемиданың қызметшілері спорттық костюмге мантияларын ауыстырып, спорттық жарыстарға қатысуда.
Біздің мемлекетіміздің аймақтарының судьяларынан, жартылай финалдық жарыстар спартакиадасының жеңімпаздарынан тұратын 18 командалар келесі спорт түрлері бойынша жарысады: шағын-футбол, волейбол, бильярд, үлкен теннисі, үстел теннисі, шахмат, дойбы.
Бүгінгі жарыстар тым ұйымдасқан болып өтуде. Еліміздің судьялары тамаша жағдайларда күш сынасуда. Олар жетістіктер мен рекордтар үшін емес, салауатты өмір салты үшін жиналған, себебі судьяның жұмысы ынталылықты, сабырлықты және денсаулықты талап етеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау сот қызметкерлері, сот жүйесінің ардагерлері, шақырылған қонақтардың қатысуымен ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде «Шахтер» стадионында салтанатты түрде өтеді.
Спартакиада жеңімпаздары грамоталар мен кубоктар ғана емес, жыл бойына оң заряд алады.

 

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі