Қаражал қалалық сотында «Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаражал қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы В.Т.Махабаева мен судья А.Т. Муталяпованың және де кәсіпқой емес медиаторлар М.Омаров пен А.Садықовтың қатысуларымен «Ашық есік» күні өтті.

Қаражал қаласы және Жәйрем, Ақтай кентінің тұрғындары «Ашық есік күніне» белсене қатысып, судьяға және кәсіпқой емес медиаторларға өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Шара шеңберінде халыққа тегін кеңес беру ұйымдастырылып, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріліп, оларға медиацияны дамытудың жолдары мен мақсаты, сонымен қатар даулар мен жанжалдарды шешуде медиация институтын қолданудың тиімділігі түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға аймақта медиация институтын дамыту бүгінгі күннің басты талабы екеніне баса назар аударып, судья В.Т.Махабаева барлық қатысушыларға алғыс айтып, медиацияны әрі қарай дамыту үшін осындай шаралардың қажеттілігін атап өтті.

Қайнар: 
Қаражал қалалық сотының баспасөз қызметі