Қарқаралы аудандық соты жыл басынан медиация рәсімін қолданып, 8 істі қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ның  қарыз  өндіру талап арыздары бойынша екі  азаматтық іс өндіріспен қысқартылды. Кәсіби емес медиатор Омаров А. талап қоюшы мен жауапкерлерге араларындағы дауды реттеу туралы келісім- шарттарды жасасуға, келісімді сотқа ұсынуға көмек көрсетті.

Келісім бойынша талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-мы жауапкерлерге қойған талап арыздарынан бас тартты, жауапкерлер талап қоюшыға телекоммуникациялар қызметіне төленбеген қарыз сомаларын төлеуге міндеттенді.

Тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі жөнінде ескертілді.

Төленген мемлекеттiк баж талап қоюшыға қайтарылды.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі