Қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Ломбард «МигКредит» ЖШС-нің азамат Р.-дан қарыз соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер сот мәжілісінде жоғарыда көрсетілген талабын қолдай отырып, екі жақтың арасында 22.01.2015 жылдан 21.02.2015ж. дейін ломбардтық кредитті беру жөнінде келісім шарт құрылған. Алайда, шарт талаптарын бұза отырып, заемшы қарызды өтемеген.
Жауапкер талапқа пікірін көрсетілген уақытта сотқа ұсынбаған.
Сәтбаев қалалық сотының шешімімен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі