Қарызды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» Коммуналдық мекемесінің жауапкер К. азаматынан қарызды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырды.
Талапкер мемлекеттік бюджеттің пайдасына коммуналдық қызметтерді  қолданғаны үшін 178 980 теңге өндіруді сұрады.
Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының  Жарғысына сәйкес Орталық оралмандарға  бейімдеу және ықпалдастыру көмегін көрсететін мекеме болып табылады. Сондай-ақ, оларға азаматтық алуға және құжаттарды рәсімдеуге көмектесуі қажет.  Жоғарыда көрсетілген нормативтік актіге сәйкес қандай да бір тұрғын жаймен қамтамасыз еткені және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін төлем қарастырылмаған.
Сол себепті, сотпен қарызды өндіру туралы талап арыз толық қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі