Қауіпту қылмыскерге қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты үкім шығарылды.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында азамат Т. көршілері Ф. және К. үйіне конаққа келеді. Олар үшеуі отырып алкогольдік ішімдік ішкен. Одан әрі жәбірленушілер айыпталушы Т. намысына тиетін сөздермен балағаттап тіл тигізген, соның әсерінен олардың арасында ұрыс-жанжал туындады, нәтижесінде Т. ас үй пышағымен жәбірленушілердің мойын тұсынан сұғып өлтірген. Мәйіттерді жасыру үшін Т. пәтерді жағып жиберіп, оқиға орнынан жасырынған.
Айыпталушы соттың үкімімен Қазақстан Республикасы ҚҚ–нің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі