Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, аталған баб бойынша қозғалған әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотында «Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, аталған баб бойынша қозғалған әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Баубеков Абай Отыншыұлының төрағалық етуімен сот төрағасы Б.С. Сергалиевтің, судья Б.К. Каримованың, прокурор О. Мұхтардың, Ішкі істер органы қызметкерлерінің, мемлекеттік сот орындаушы Г.Т. Омаровтың, жеке сот орындаушы М.Б. Мейзбеков қатысты.

Дөңгелек үстелде әкімшілік істердің обьекті түрде қозғалуын қамтамасыз ету, қаралуы, сот қаулыларының уақытылы орындалуы, сонымен қатар, құқық қолдануды әрі қарай дамыту мәселелері сөз болды.

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі