Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 24-қаңтарында Қарағанды облыстық соты судьялары мен мамандары  Қарағанды облыстық сотында Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауының негізгі бағыттары талқыға салынды.Елбасы соттардың роліне баса назар аударады, себебі сот органдары құқықтық мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Жолдауда сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді болып, барлық дауларды қарапайым әрі жедел шешуі тиіс делінген. Заң алдындағы тепе-теңдік құқытық тәртіптің басты негізі болуы қажет. ҚР Президеті көрсеткен басты бағыттарды басшылыққа ала отырып, облыстық сот ұжымы, өзінің барлық мүмкіншілігін қолдана отырып, алдына қойылған жауапкершілікті талап ететін тапсырмаларды орындай алатынын, сондай-ақ,  құқыққорғау органдарының барлық қызметкерлері жұмыс сапасын көтеріп, өздерінің жоғары кәсібилігі мен мінсіз тәртібімен халық игілігін арттыруға, сонымен қатар, елімізде әділдік пен заңның үстемді етуі және жоғары құқықтық мәдениет салтанат құруы үшін қызмет етулері тиіс екенін атап өтті.  Отырыстың соңында облыстық сот төрағасы талқылауды қорытындылай келе, ұжымға азаматтардың құқықтары мент мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында пәрменді әрі жемісті жұмыс тіледі.

 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы