Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Бұқар Жырау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлімімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Өзбекстан Республикасының  азаматы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұқар-жырау ауданы, Ботақара кентінде шетел азаматы А. Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңын бұзғаны үшін ұсталған, яғни мерзімдерден аса ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстан Республикасында екі айдан аса уақыт болған.

Құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, өкінетіндігін және құқық бұзушылықты бірінші рет жасағандығын айтты.

Сот азамат А-қа 34 035 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар