Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық сотында басты заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамаларын қолдану бойынша дөңгелек үстел өтті.

Осы іс-шараға Шахтинск қаласының прокуратурасынан, әкімшілік, коммуналдық қызмет өкілдері және қорғаушылар қатысты.

Дөңгелек үстелде баяндамашы болып судья Д.Н.Мақсұтов сөйлеп, барлық заңнамалардағы түзетулер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру қажеттілігіне баса назар аударды. Осы өзгертулер конституциялық деңгейде билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастарын теңестіреді.

Сонымен қатар қолданыстағы азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамаларына енгізілген өзгертулердің ішінде азаматтық істі сот талқылауына тағайындау кезінде мәміленің мерзіміне көңіл аудару керек екенін атап өтті.

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі