«Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібі. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойғанбекова «Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібі. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау» тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Л.Ж.Тойғанбекова өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды сот мамандарымен еңбек тәртібінің мүлтіксіз орындалуы қажеттігін айтты.

Сондай ақ мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілердің моральдық- әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығын, мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесін сақтап, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға, жемқорлық әрекеттердің болуына жол бермей, басқа тұлғалардың ар-намысын сыйлап, мемлекеттің беделін нығайтуға ықпал етуге міндетті екендігін түсіндірді.

Семинар сабағын қорытындылай келе, кеңсе меңгерушісі мамандарға еңбек тәртібінің орындалуын, қызметтік міндеттерін атқару барысында киім киюдің іскерлік стилінің сақталуын, мемлекеттік биліктің беделін нығайту үшін аянбай еңбек ету қажеттілігін еске салды.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі