Кезекті «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай ауданының №2 аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қозғау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға сот судьялары мен Абай ауданының Топар ПБ-нің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жеке айыптау істері бөлігінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын талқылады.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 408-бабына сәйкес жеке айыптау істері нақты тұлғаға қатысты жәбірленуші немесе оның өкілінің сотқа шағым беру арқылы қозғалады.

Соңында аталған тақырыпты белсенді талқылап, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Қайнар: 
№2 Абай аудандық сотының баспасөз қызметі