Әкімшілік іс бойынша қаулыны орындамағаны үшін 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 бабына сәйкес азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Осакаров ауданының ІІБ-нің Молодежный полиция бөлімінің инспекторы азамат П. қатысты әкімшілік айыппұл салу туралы қаулысы бойынша салынған 11 345 тенге айыппұлды мемлекет пайдасына төлеуден және қаулыны орындаудан қасақана жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 669 бабына бойынша хаттама толтырылған.

Сот мәжілісі барысында азамат П. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәсін толық мойындап, айыппұлды тұрақты жұмыс орнының жоқтығынан төлеуге мүмкіндігі болмағандығын түсіндірді.

Сот азамат П. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарылды.

Қаулы заң күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Осакаров ауданың №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі