Әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық)  М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. Теректі ауылы №3 үй ауласында  темекісінің қалдығын күл-қоқысқа арналған жәшікке тастамай, жерге тастай салған, сөйтіп төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта құқық бұзушы М. кінәсін толық мойындап, істеген қылығына өкінетінін айтты.

Сот қаулысымен құқықбұзушы М. кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі