Әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе Қазақстан Республикасында тіркеуден өтпей жалтару) бойынша Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында Ресей Федерациясының азаматшасы кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген жайттарды растап, болған іске өкінетінін айтты.

Сот құқық бұзушыны кінәлі деп таныды. Ол 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бапасөз қызметі