Кәмелетке толған балаға білім алу кезеңінде алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында талапкер Т.-ның борышкер Р.-дан күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын кәмелетке толған баласына алименттіжәне оқуға байланысты қосымша шығындарды өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің кәмелетке толғанына және Тюменск қаласының мемлекеттік медициналық университетінде білім алуына байланысты борышкерден оқу мерзімі біткенше ай сайын 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша кіріс өндіріп беруді сұраған.

Сотпен жауапкер расында талапкердің әкесі екендігі анықталды. Сондай-ақ, Тюменск қаласының мемлекеттік медициналық университетінің анықтамасына сәйкес, талапкер, яғни жауапкердің баласы күндізгі оқу нысаны бойынша оқитыны расталды.

Сот талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Борышкерден талапкердің   пайдасына 13АЕК мөлшерінде алимент өндірілді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі